
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз!
Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс. Еліміздің гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметшінің қосар үлесі ерекше. Дамыған мемлекет тек қана тиімді және кәсіби мемлекеттік қызмет негізінде құрылады.
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын!