Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасов 2025 жылғы 05 маусым айында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларымен «2024-2025 оқу жылының қорытындылары және жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындық туралы» тақырыбы аясында онлайн тәртібінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігі, жазғы сауықтыру маусымындағы сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, педагогикалық әдепті сақтау, «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңының орындалуы, жалақы мен демалыс төлемдерін уақытылы төлеу, білім беру ұйымдарында турникеттерді, бейнебақылауларды орнату, бітіру кештерін өткізу кезіндегі бақылау жүргізу, білім беру ұйымдарының санитарлық талаптарға сәйкестігі, төтенше жағдайлар, өрт қауіпсіздігін бақылауға алу.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы бойынша ашылған мектептердің лицензиялау мәселесі, «Мақсатты мектеп» жобасы бойынша енген мектептердің жұмысы, күрделі және ағымды жөндеулердің жасалуын, аттестаттарды дұрыс толтырылуын, білім ұйымдарында педагогтердің бос орны бойынша сұрақтарын, қосымша білім беру жұмысын бақылауға алып, жұмыстар жүргізу айтылды.
Білім беру ұйымдарының қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін мемлекеттік аттестаттауға сапалы дайындығы, ұлттық білім беру дерекқорларын уақытында толтыру, педагогтердің үлгілік талаптарға сәйкес біліктілік арттыру курстан өту, білім беру ұйымдарында білім сапасын арттыру мақсатында жұмыстардың күшейту т.б. сұрақтар қаралды.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан құрылған «Педагогті қорғау» чатына келген сұрақтарды назарға алу, жеке және заңды тұлғалардан келетін шағымдар мен өтініштерге жауап беру жайлы айтылды.
Аталған мәселелер бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бақылауға алуды тапсырды.