Балалар мен жасөспірімдердің 2025 жылғы жазғы сауықтыру маусымындағы сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және медициналық -санитарлық қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 21 мамыр айынан бастап, Ақмола облысының бірқатар ұйымдардан құралған мониторингттік топ мүшелері сауықтыру лагерьлеріне барып, зерделеу жүргізілуде.
Аталған зерделеу жұмысына Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Әбілмәженов қатысып, жазғы демалыс уақытында демалыспен қамту бойынша дайындығын, балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, қауіпсіздік мәселелері т.б. сұрақтар қарап жатыр.