2025 жылғы 21 мамырда Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасовтың төрағалығымен педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысы өтті.
Кеңес отырысына кеңестің барлық мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында жаңадан келген мұғалімдер мен жас мамандарды ұжымға бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың кәсіби қызметін қамтамасыз ету, кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде педагогикалық әдеп құқықтары мен нормаларының бұзылуының алдын алу мәселесі қаралып, ұсыныстар жасалды.
Құқықтары бұзылған жағдайда педагогтер Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі 87, 405 каб. мекенжайы бойынша орналасқан Ақмола облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне өтініш жасауға және 8 (7162) 721465, 721466, 315693, ұялы телефон +7701-573-08-00 телефон арқылы хабарласа алады.