Меню
Страницы

Ақмола облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде

Ақмола облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде

Ақмола облысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілуде

 

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары  білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының жай-күйі зерделенуде. Атап айтқанда, интернет желісімен қамтамасыз етілуі, бейнебақылау жүйелерінің, турникеттердің, күзет қызметі мен өрт дабылы жүйесінің жұмыс істеуі бағалануда. Сонымен қатар күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне, 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыруға, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасауға, оқу кабинеттерінің жабдықталуына, спорт залдары мен кітапханалардың болуына, ішкі санитариялық тораптардың жай-күйіне, сондай-ақ білім алушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

Мониторинг аясында зерделенген білім беру ұйымдарының бірі – Бұланды ауданының білім бөліміне қарасты Макинск қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп. 1972 жылы салынған және 661 оқушыға есептелген мектеп ғимаратында қазіргі уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жөндеу жұмыстары барысында инженерлік жүйелер жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылуда, білім беру ұйымының инфрақұрылымы жаңғыртылып, оқу үдерісін ұйымдастыру үшін заманауи талаптарға сай жағдайлар жасалуда.

Жаңартылған мектеп қауіпсіз, жайлы әрі заманауи білім беру кеңістігіне айналып, білім сапасын арттыруға, оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері