Меню
Страницы

2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

 

2026 жылғы 14 шілде күні Көкшетау қаласы білім бөлімінің №12 жалпы орта білім беретін мектебінің жаңа 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

Мониторингтің екінші кезеңі аясында мектептің жалпы жағдайы зерделенді. Атап айтқанда, интернет желісімен қамтамасыз етілуі, бейнебақылау жүйесі, турникеттер, күзет қызметі мен өрт дабылы жүйесінің жай-күйі, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуі, 1-сыныпқа қабылдау, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру, ағымдағы жөндеу жұмыстары, жабдықталған оқу кабинеттерінің, спорт залдары мен кітапханалардың болуы, ішкі дәретханалардың жағдайы  қарастырылды.

Биыл Көкшетау қаласы білім бөлімінің №12 жалпы орта білім беретін мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аясында терезелер ауыстырылып, шатыр жөнделуде, жылу жүйесі жаңғыртылуда, сондай-ақ мектеп ғимаратының сыртқы келбеті жаңартылуда. Жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты