Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 59-1-бабына сәйкес Қосшы қаласының білім бөлімі қызметіне жоспарлы тексеру жүргізді.
Тексерудің негізгі мақсаты білім беру бөлімі қызметінің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру тиімділігін бағалау болды.
Тексеру барысында ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметін ұйымдастыру, білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуы, мемлекеттік функциялардың орындалуы және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мәселелері зерделенді.
Тексеру қорытындысы бойынша заңнама талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды.