Меню
Страницы

Онлайн форматта өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасов қатысты

Онлайн форматта өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасов  қатысты

2026 жылғы 26 мамырда облыс әкімдігі ғимаратында онлайн форматта өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Қ.Қаппасов қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж.Д.Сүлейменова «Оқу жылының аяқталуы және оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру» мәселесі бойынша баяндама жасады.

Кеңес барысында оқу жылының қорытындылары шығарылып, оқушылардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар балаларды сауықтыру лагерлерімен қамту, балалардың демалыс ұйымдарына лицензия беру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына қатысты мәселелер қаралып, мемлекеттік органдардың басшылары сөз сөйледі. Жиын қорытындысы бойынша өңірлерде жазғы демалыс кезеңін сапалы ұйымдастыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты