Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті 2026 жылғы 4-15 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының талабына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы колледждерде жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексерулердің мақсаты – білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету және оқу-тәрбие қызметінің жүзеге асырылуын бақылау. Тексеру келесі мекемелерде жүргізілді:
Тексеру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығы, 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы және 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығының орындалуы тексерілді. Тексерулердің нәтижелері бойынша ақпарат Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолданды.