Меню
Страницы

Профилактикалық бақылау

 

 

Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары 2026 жылғы 8-10 сәуір күндері «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің Ақсуат ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімінің Державинск қаласының кешкі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, профилактикалық бақылау жүргізді.

Профилактикалық бақылау барысында білім беру ұйымдарының қызметі Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зерделенді. Атап айтқанда, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы, педагог қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігі, білім алушылардың құқықтарының сақталуы, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттардың жүргізілуі қаралды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты