Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылға арналған балалардың жазғы демалысы туралы кеңеске Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов қатысып, балаларды сауықтыру орталықтарын лицензиялау мәселесі бойынша сөз сөйледі.
Кеңес барысында О.Каппасов балалардың жазғы демалысы бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету және сауықтыру орталықтарының лицензиялау талаптарын орындау мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар, ол балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, сондай-ақ тәрбиелеу үдерісінің сапасын арттыру жөнінде нақты ұсыныстар жасады. Алдағы уақытта осы шаралардың іске асырылуы балалардың жазғы демалысының тиімділігін арттырып, олардың толыққанды әрі қауіпсіз демалуын қамтамасыз етеді.