Меню
Страницы

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

2026 жылғы 19 наурыз күні Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Габдушев Нұрлан Баймұратұлы, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің төрағалары, сондай-ақ білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.К.Каппасов «Сапалы білім алу құқығының конституциялық кепілдіктері» тақырыбы аясында дөңгелек үстелдің негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырып, жұмыс бағыттарын айқындап берді.

Департамент басшысы қазіргі білім беру саласындағы сапа мәселелері, оның ішінде педагогикалық әдептің маңызы, мектептерде оны қалыптастырудағы мектеп ұжымының рөлі туралы терең ой қозғады. Педагогикалық әдеп — бұл мұғалімнің кәсіби қызметінде жоғары адамгершілік құндылықтарды ұстануға, оқушылармен және әріптестермен өзара әрекеттесуде әдеп нормаларын сақтауға негізделген мінез-құлық ережелері жүйесі. Бұл түсінік мұғалімнің жеке басының, педагогикалық біліктілігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді, сондай-ақ оқу процесіндегі тиімділікті арттырады.

Дөңгелек үстел барысында педагогикалық әдеп кеңесінің қызметі, білім беру ұйымдарындағы оның маңызды рөлі, мектептегі педагогикалық әдептің мән-маңызы және оны қалыптастырудың жолдары туралы бірнеше маңызды баяндамалар тыңдалды. Баяндамашылар педагогикалық әдептің тек мұғалімнің кәсіби дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда да шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Педагогикалық әдепті қалыптастыру мектеп ұжымының үйлесімді жұмысын, оқушыларға деген құрмет пен олардың құқықтарын қорғауды, сондай-ақ оқыту мен тәрбиелеуде әділдікті қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе,  қатысушылар арасында сұрақ-жауап, ұсыныстар мен пікірлер айтылып, талқыланды. Бұл талқылаулар білім сапасын арттыру жолындағы өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды кезеңі болды.

Дөңгелек үстелдің нәтижесінде педагогикалық әдептің барлық деңгейлерде қалыптасуы және жүзеге асырылуы үшін нақты ұсыныстар мен әрекет жоспарлары ұсынылды. Сонымен қатар, бұл іс-шара білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бағытында атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыруға зор үлес қосты.

 

 

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері