
Ағымдағы жылдың 21 қарашасы күні Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. К. Қаппасовтың төрағалығымен Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н. Г. Наймушина және Атбасар қаласының №1 мектебінің директоры Л. Г. Бекова, №4 мектебінің директоры Р. А. Аманжолова, №5 мектебінің директоры Г. А. Кизкеновамен бірлескен кеңес өткізілді. Кеңесте білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы мәселесі қарастырылды.