
Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің тарапынан 2025 жылғы қыркүйектің 4 жұлдызында облыстық білім беру ұйымдарының, қалалық, аудандық білім бөлімінің, жеке меншік мекемелер басшыларының қатысуымен zoom тәртібінде кеңес өткізілді.
Кеңесте Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О.Каппасов 2025-2026 оқу жылында қойылатын мәселелер, білім алушылардың білім сапасын көтеру, кауіпсіздігін қамтамасыз ету, мақсатты, жаңартуға жататын мектептер, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына өзгеріс енгізілуіне байланысты қосымша ұсыныстар беру, мектеп директорларының бос орындары туралы сұрақтар т.б. бірқатар білім жүйесіне қатысты мәселелер қаралды.
Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы К.Мухаметжанова өз сөзінде жаңа оқу жылында өткізілетін бақылау шаралар, мектептегі білім алушылардың мектеп формасы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.