
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындық шеңберінде өңірлердегі мектептердегі педагогикалық кеңестің өткізілу барысына ағымдағы жылдың 25-29 тамыз аралығында бару арқылы мониторинг жүргізу тапсырылды.
Осы орайда, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары облыстық білім ұйымдарына барып, зерделеу жүргізді.
Мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025–2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау мақсатында «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбына педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары, жылдық жұмыс жоспарын бекіту, мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы сұрақтар қаралды.