2025 жылғы 15 мамырда Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. азаматтарды қабылдауды жүргізді. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштерін тыңдап, барлық сұрақтарға толық түсініктемелер берді. Ең басты назар мектепке балаларды қабылдау мәселелеріне аударылды: ата-аналардың құжаттарды тапсыру тәртібі, мерзімдері мен қажетті талаптар туралы өзекті ақпарат берілді.