
2026 жылғы 30 сәуір мен 20 мамыр аралығында Алматы қаласының мектептерінде білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг (МОДО) жүргізілуде. Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мониторинг барысында бақылау жұмыстарын жүргізіп, тестілеу рәсімдерінің белгіленген талаптарға сәйкес өтуін қадағалауда. Аталған мониторингпен қаладағы 91 мектеп қамтылған, оның ішінде 63 мемлекеттік және 28 жекеменшік білім беру ұйымы бар. МОДО бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында ұйымдастырылады. Мониторинг өткізу кезеңінде тестілеудің талапқа сай ұйымдастырылуы, академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылуда.