
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «№169 мектеп-лицей» базасында өткізілді. Іс-шара барысында жаңартылған Конституцияның негізгі бағыттары түсіндіріліп, оның білім беру жүйесіне ықпалы жан-жақты талқыланды. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастыру, педагогтер мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарында конституциялық нормаларды тиімді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды. 🗣️ Модератор: Ермекбаева Гульнара Омирбековна — Алматы қаласының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы 🎤 Спикерлер: * Бекенова Гүлжан Мырзалықызы — «№204 жалпы білім беретін мектеп» директоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты * Мухамедьярова Ақерке Нұржанқызы — «№204 жалпы білім беретін мектеп» тарих пәні мұғалімі * Галимова Гулназ Үсенқызы — «№169 мектеп-лицей» директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 👥 Диалог алаңына білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлар және педагогтер қатысты. 🤝 Кездесу барысында мазмұнды пікір алмасу өтіп, қатысушылар тарапынан нақты ұсыныстар мен өзекті сұрақтар көтерілді.