
2026 жылғы 24 сәуірде Департамент басшысы Ермекбаева Г.О. Бостандық ауданының білім беру ұйымдары (мектептер мен балабақшалар) басшыларымен онлайн форматта (Zoom платформасында) кеңес өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты — педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызмет барысында осы қағидаттарды қатаң ұстанудың маңыздылығын талқылау. Жиын барысында №190 бұйрық талаптарын сақтау, педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу. Жұмыс барасында негізгі мәселелерге назар аудару: ▫️ білім алушылармен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынаста әдеп нормаларын сақтау; ▫️ әлеуметтік желілерде қызметтік әдепті ұстану; ▫️ әріптестер арасындағы өзара сыйластық қағидаларын сақтау; ▫️ қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу; Аталған талаптарды сақтау — білім беру сапасы мен педагог мәртебесінің кепілі.