Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде "Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы" өткізілді. Күн тәртібінде «Алматы телекоммуникация және машинажасау колледжі» директорының іс-әрекеті қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша тиісті хаттама рәсімделіп, кеңес мүшелерінің шешімімен құзыретті орган – Алматы қаласының Білім басқармасына тиісті шешім қабылдау үшін ұсыныс жолданды.
