Алматы қаласының орта білім беру ұйымдарындағы жаңа оқу жылына арналған педагогикалық кеңестерге Департамент пен «Өрлеу» қызметкерлері қатысты. 📌Республикалық Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы атап өткендей, мұғалімдердің құқықтарын қорғау және оларды қызметіне жатпайтын міндеттерден босату мәселесіне ерекше назар аударылды. 🤖 2025–2026 оқу жылында білім беру процесіне жасанды интеллект элементтері енгізіліп, оны әр сабақта тиімді пайдалану жоспарлануда. Сонымен бірге AI-Kitap білім беру платформасы кезең-кезеңімен қолданысқа енгізіледі. 👨👩👧 Маңызды бағыттардың бірі – ата-аналар комитеттерінің жұмысын қайта қарау. Қараша айында алғашқы Ата-аналар комитеттерінің республикалық форумы өтеді. Бұл жаңа алаң «мектеп – ата-ана – қоғам» үштағаны негізінде ынтымақтастықты нығайтуға бағытталады. ✅ Жаңа бастамалардың барлығы сапалы білім беруді, педагогтардың мәртебесін көтеруді және мектеп пен қоғам арасындағы серіктестікті күшейтуді көздейді.