БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІМЕН!
Бүгін Алматы қаласының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың атынан
ақпарат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтадық.
🎙️ Құттықтау барысында өңірдегі министрлікке қарасты ұйымдардың баспасөз хатшыларын,
қаламыздың белсенді журналистерін және халықаралық деңгейдегі ақпарат өкілдерін арнайы марапаттап, жылы лебізімізді жеткіздік.
📰 Мемлекетіміздің жетістіктерін халыққа жеткізіп,
еңбегін кеңінен насихаттап жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің жұмыстарыңыз – қоғам мен мемлекет арасындағы алтын көпір.
Әрбір жарияланған материалыңыз – болашақтың іргесін қалауға қосқан баға жетпес үлес.
🎉 Осы атаулы күні барша БАҚ қызметкерлеріне
шығармашылық шабыт, зор денсаулық, кәсіби табыс пен абырой тілейміз!
💬 Қаламыздағы ведомстволық ұйымдардың баспасөз хатшылары мен белсенді журналистерге
ерекше ризашылығымызды білдіреміз.