📚 «Үздік 100 мектеп» — Алматының абыройы! 🇰🇿
Оқу жылының қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ел бойынша «Үздік 100 мектеп» тізімі жарияланды. Қуанышты жаңалық — Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты 5 мектеп бұл мәртебелі тізімге енді!
🏆 Қала мақтанышына айналған білім ордалары:
🔹 Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназия
🔹 №15 гимназия
🔹 №166 лицей
🔹 №173 мектеп-лицей
🔹 Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицей
Бұл — қалалық білім жүйесінің сапасы мен ұстаздардың еңбегінің нақты дәлелі!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында, Оқу-ағарту министрлігі ауқымды жұмыстар атқаруда:
✅ заманауи және жайлы мектептер салынуда
✅ педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасалуда
✅ халықаралық тағылымдамалар мен бағдарламалар жүзеге асуда
✅ білім сапасын арттыруға бағытталған серіктестіктер жолға қойылуда
📌 «Үздік мектеп-2025» марапаты білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері арқылы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан арнайы табысталды.
Білім мен табыстың айқын көрінісі – осындай нәтижелер!
📖 Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктермен жалғассын!