Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтырулар

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Е.Жиренбайдың төрағалық етуімен 2024 жылғы 25 қарашада «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт жобасындағы өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында отырыс өтті.
Отырыс барысында Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бастауыш, негізгі орта білім беру яғни, білім мазмұнына қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістердің негізгі бағыттары талқыланды.
Жобадағы өзгерістер мен толықтырулар білім алушының бастауыш білім беруді аяқтау бойынша тұлғалық, коммуникативтік, әлеуметтік және азаматтық, моральдық және этикалық, еңбек, танымдық-зерттеу негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағдарланған.
Сонымен қатар, аталған жобаны аудандық білім бөлімдерімен талқылау жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды.