2024 жылдың 15 қарашада Талғар қаласында Алматы облысының Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Білім басқармасының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен әдіскерлер қатысты.
Күн тәртібінде келесі негізгі мәселелер талқыланды:
1. Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүргізген мемлекеттік бақылаудың 2024 жылдың 10 айындағы қорытындысы.
2. Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарындағы педагогтер арасында апталық жүктемені бөлу мәселесіне және педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша өткізілген конкурсқа жүргізілген зерделеудің нәтижесі.
3. Алматы облысындағы қолайсыз отбасылардан шыққан балалардың әлеуметтік жағдайы.4. Білім беру саласының қаржыландыру мәселелері.
Бірінші мәселе бойынша Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Асылбек Рақым Асылбекұлы сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын Мемлекеттік білім беру стандартының бұзылуы және мектептердің біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі мәселелеріне аударды.
Сөз сөйлеу қорытындысы бойынша жағдайды жақсарту үшін ұсыныстар берілді:
- Ішкі мониторинг пен өзін-өзі бағалауды үздіксіз жүргізу.
- Педагогтардың біліктілігін арттыру.
- Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту.
- Оқушылар мен олардың ата-аналарымен жұмыс істеуді күшейту.
- Оқу процесін ұйымдастыруда ашықтықты қамтамасыз ету.
- Білім сапасын арттыру үшін бақылауды күшейту бойынша шараларды қабылдау.
Алқа отырысының қорытындысында Департамент басшысы Жиренбай Е. оқу процесін ұйымдастыру кезінде заңнамалық талаптардың сақталуы, мемлекеттік аттестация, мектептердің лицензиялауды жүргізу және басқа да мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу қажеттігін атап өтті.
Бұл шара Алматы облысындағы білім беру сапасын арттыру және өзекті мәселелерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.