Оқу процесін ұйымдастыруда тәуекелдердің алдын алу мәселелері талқыланды

Оқу процесін ұйымдастыруда тәуекелдердің алдын алу мәселелері талқыланды

         Оқу процесін ұйымдастыруда тәуекелдердің алдын алу мәселелері талқыланды

 

       Бүгін, яғни 2023 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Жиренбай Е.С. Алматы облысының Білім басқармасы мен білім бөлімдері басшыларының, облыстағы 425 мектеп директорларының қатысуымен оқу процесін ұйымдастыру барысында туындауы мүмкін тәуекелдердің алдын алу мәселелері бойынша онлайн режимде жиналыс өткізді.   

Жиналыс барысында бірнеше өзекті мәселелер талқыланды. Олар:

- күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектептердің жай-күйі;

- мектептері жоқ және мектептері күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауылдардан, саяжайлардан білім алушылардың қауіпсіз және жайлы тасымалдауын ұйымдастыру;  

- бастауыш сынып оқушыларын және осал топтағы отбасылардан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, асханалардың санитарлық жағдайы;

- мектептің ішінде, ауласында және балалардың мектепке баратын жолдарында  қауіпсіздігі;

- мектептегі ішкі дәретханалардың жағдайы;  

- жылыту маусымына дайындығы;  

- білім алушылар арасында құқықбұзушылықты алдын алу (буллингті );  

- педагогтар арасында сағаттардың (вариативті компонент, инвариантты компонент) заңды бөлінуі және т.б.  

Департамент басшысы жиын қатысушыларына оқу барысында туындауы мүмкін келенсіз жағдайларды болдырмау, дер кезінде әрекет ету, балалар мен педагогтерге жайлы және қауіпсіз ортаны құру басты міндет екендігі туралы ескертті.

 Жиынның қорытындысы бойынша білім бөлімдеріне, мектеп басшыларына жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша ұсынымдар берілді.