2021-2022 оқу жылында Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізудің қорытындысы бойынша республика көлемінде ең үздік нәтиже көрсеткен «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақбастау орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Көктөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемелеріне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Дипломы табысталды.
2023 жылдың 4 нарузында өткен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген отырысында 4 және 9 сынып білім алушылардың оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық бойынша жоғары білім деңгейін көрсеткені туралы ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар, Алматы облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерелері «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті басшысының Алғыс хатымен марапатталады.