
Ағымдағы жылдың 20–26 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасына сәйкес Алматы облысының бірқатар жалпы білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылаудың (ВШК) жүргізілу барысына байланысты кешенді мониторинг жұмыстары ұйымдастырылып, жүзеге асырылды.
Сонымен қатар анықталған мәселелер бойынша ұсыныстар беріліп, мектепішілік бақылау жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған әдістемелік қолдау көрсетілді. Мониторинг қорытындылары жинақталып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге жолданады. Алынған мәліметтер мектепішілік бақылау жүйесінің одан әрі жетілдірілуіне және білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.