Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды

Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Гүлмира Әлімбайқызы Кульсариева Алматы облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Гүлмира Кульсариева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек қызметін 1986 жылы Тараз қаласында бастаған. Әр жылдары Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектепте география, тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, сондай-ақ Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы орталығының директоры қызметтерін атқарған. Кейін Талдықорған политехникалық колледжінде оқытушы болып еңбек етті.

2007 жылдан бастап Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде мониторинг және ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің бас маманы, кейін осы бөлімнің басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің құрылымдарында түрлі бағыттағы жұмыстарды үйлестірді.

2023 жылдан 2025 жылғы 21 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер мен бастауыш білім беру мазмұнын және әдістемелік қамтамасыз етуді үйлестіру басқармасында бас сарапшы лауазымын атқарды.