2025 жылғы 20 маусымында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің азаматтарды жеке қабылдауы өтті

2025 жылғы 20 маусымында Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің азаматтарды жеке қабылдауы өтті

Төрағалық етуші: Департамент басшысының м.а. Р. Асылбек

Қатысқандар: білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы Г.Жумалиева.

Өтініш білдіруші: «Үшқоңыр» ЖШС мектебінің директоры.

Күн тәртібі

  1. «Үшқоңыр» ЖШС мектебінің директоры негізгі орта, жалпы орта, қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензияға қосымша алу бойынша кеңес алуға жүгінді.

Шешті

  1. 2022 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына байланысты жекеменшік білім беру ұйымдарына лицензия беру туралы сұрақтар талқыланып, Департамент тарапынан түсiнiктеме берілді.
  2. Сонымен қатар, ұйымдастыру кезінде қандай мәселелерге ерекше назар аудару керектігі, туындауы мүмкін қиындықтар талқыланып, шешу жолдары ұсынылды.