2025 жылдың 16 маусымы Zoom платформасында жекеменшiк білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан жиын ұйымдастырылды

2025 жылдың 16 маусымы Zoom платформасында жекеменшiк білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан жиын ұйымдастырылды

2025 жылдың 16 маусымы Zoom платформасында жекеменшiк білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан жиын ұйымдастырылды. Білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Б. Шыңғысхан қатысушыларды 2022 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің № 483 бұйрығымен бекітілген “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларымен таныстырды.

Жиын барысында бiлiм қызмет түрінің өзгеруіне байланысты жекеменшік білім беру ұйымдарымен лицензияны қайта ресімдеу туралы сұрақтар талқыланып, түсiнiктеме берілді.

Сондай-ақ орындау және оны ұйымдастыру кезінде қандай мәселелерге ерекше назар аудару керектігі түсіндірілді.