Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмысы туралы АҚПАРАТ

        Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құзыреті білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарына сырттай бағалау жүргізу арқылы білім саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мен  мемлекеттік бақылау шараларын жүргізу болып табылады.

Мемлекеттік аттестаттау (бармай профилактикалық бақылау):

        Департаменттің негізгі функцияларының бірі ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестататудан өткізу.

        Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім.

        Департаменттің 2025 жылы мемлекеттік аттестататудан өтетін білім беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес 150 білім беру ұйымында (50 балабақша, 100 мектеп) мемлекеттік аттестаттау жүргізу жоспарланған.

       Ағымдағы жылдығ 1-тоқсан есебі бойынша 26 мектепке дейінгі білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді.

        Нәтижесінде, 4 балабақша қызметі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі МДТО МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді деп есептелініп, аттестатталды (4 мемлекеттік).  Ал, 22 балабақша, оның ішінде 10 мемлекеттік, 12 жекеменшік балабақша қызметі  МДТО МЖМБС талаптарына сәйкес келмей, аттестатталмады.

           Қайта мемлекеттік аттестаттау шарасы 2025 жылдың 1-тоқсан есебі бойынша 50 білім беру ұйымында (47 мектеп, 3 балабақша) жүргізілді.

    Мемлекеттік аттестаттау барысында МЖМБС талаптарын орындауда жалпы ортақ анықталған бұзушылықтар:

Балабақша бойынша:

  • 4балабақшада - балабақша меңгерушісімен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен ұйымдастырылған іс-әрекетің кестесі, күн тәртібінің үлгілік оқу жоспарына сәйкес келмейді;
  • 5балабақшада- перспективалық жоспар мен циклограмманың, күн тәртібінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келмейді;
  • 14 балабақшада – тәрбиеленушілерді жас ерекшелігіне сәйкес жас топтары бойынша топтастырмаған;
  • 8балабақшада – топтарда жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес келмейді;
  • 6балабақшада – педагогтердің біліктілік санатын 5 жылда бір көтеру талаптары сақталмаған;
  • 6балабақшада - тәрбиешілер тиісті бейініне сәйкес «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығымен жұмыс атқармайды;
  • 7балабақшада - мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін білім беру ұйымдарында ата-аналардың қажеттіліктері ескеріліп, консультациялық пункттер құрылғаны туралы деректер жазылмаған;
  • 5 балабақшада- мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана немесе заңды өкілдер арасындағы келісім шарт түзілмеген;
  • 14 балабақшада – педагогтердің біліктілігін 3 жыл сайын арттыру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмеген;
  • 9 балабақшада – даму мониторингісіне жүргізілген бақылау парақтары нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізу үшін тәрбиеленушілерге жеке даму картасы дұрыс жүргізілмеген;

       1.3. Оқыту нәтижесіне жүргізілген компьютерлік тестілеу нәтижесі

       1.3. Департаменттің 2025 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес 17 орта білім беру ұйымында оқыту нәтижелеріне компьютерлік тестілеу жүргізіліп, Департамент қызметкерлері бақылаушы ретінде қатысты.Өзін - өзі бағалау кезеңінде жүргізілген оқыту нәтижесіне компьютерлік тестілеу барысында бағалау қорытындылары төмендегідей болды:4-сынып бойынша  оқыту нәтижелерінің көрсеткіші 40%-дан төмен көрсеткіш көрсеткен 2 мектеп (Әйтеке би ауданының білім бөлімі, Талдық негізгі мектебі мен Жарөткел негізгі мектебі);9-сыныптар бойынша барлығы 17 мектептен оң нәтижеге жете алмаған  мектеп болмады.

  • Бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесі

        Бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2025 жылдың бірінші  жартыжылдығына жоспар бойынша жоқ.

  • Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер

       Департаментке  2025  жылдың 1 – тоқсан есебі бойынша Е-Өтініш порталы арқылы 77 өтініш түсті. Оның ішінде, 70 өтінішті өз құзыреті шегінде қаралды, 10 өтінішті өз құзыреті шегінде қарау үшін жолданған.

  • Жоспардан тыс тексеруғ арыз-шағым бойынша

       Ағымдағы жылдың есебі бойынша 10 жоспардан тыс тексеру жүргізілді Жалпы 10 тексеру бойынша бұзушылық анықталып, 10 нұсқама берілді және 2 әкімшілік іс қозғалды. Лауазымды тұлғаға 25 АЕК-ге тең 98 300 тг айыппұл салынды айыппұл салынды. 

      Аудан бойынша жоспардан тыс тексеру кесіндісі  (Ақтөбе қаласы – 6, Қобда ауданы -4,) жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

  • Әкімшілік іс жүргізу бойынша

2025 жылдың 1- тоқсан есебі бойынша   8 әкімшілік іс қозғалды.

Атап айтқанда,

ӘҚБтК-тің 409-бабы 2-бөлігі бойынша – 5 іс (5 ескерту );

ӘҚБтК-тің 127-1-бабы бойынша – 3 іс (7 АЕК).

  • Азататтарды қабылдау

       Ақтөбе облысындағы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиеваның 2025 жылдың 1 тоқсанына азаматтарды қабылдау кестесі департаменттің ресми сайтында орналастырылды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында департамент басшысы барлығы 9 азаматты қабылдады. Қабылдауға келгендер азаматтарға педогогтерді жұмысқа қабылдау бойынша жарияланған конкурстың талаптары, колледжге лицензияға қосымша алу және заңсыз жұмыстан босату сұрақтарына түсіндірмелер берілді.

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

       Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың  және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелеріне қатысты консультациялық көмек көрсету мақсатында 2025 жылдың 13 ақпанында Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі С.Әбденовтің және Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) алдын алу және парасаттылық басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Б.Оразовтың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіру» тақырыбындағы кездесу шарасы ұйымдастырылды.

       Аппарат отырысында Департамент басшысы тарапынан бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары жалғасын тауып отырады.

       Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі тарапынан да жоспарға сәйкес отырыстар барысында әдеп нормаларының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадан түсінік жұмыстары үнемі жүрігізіледі және Департаменттің әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланады.