Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамент басшысының Байғанин ауданына іс - сапары

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департамент басшысының Байғанин ауданына іс - сапары

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева 2025 жылдың 23 қаңтары күні Байғанин ауданында болып, пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесіп, жеңімпаз оқушылар мен ұстаздарын марапаттады.

Пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде Байғанин ауданы бойынша 9-11 кластардан 25 оқушы қатысып командалық есепте ІІ орын иленген (1 орын -3, 2 орын 3, 3 орын-5, 3 мақтау қағазы).

Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева Байғанин ауданының әкімі А.М.Көпеновпен  бірге Байғанин ауданы білім бөлімінің білім кеңесіне қатысты, білім бөлімі басшысының есебін тыңдап Байғанин ауданы бойынша білім саласындағы мәселелерге тоқталды. Білім сапасын көтеру бағытында білім беру мекемелерімен атқарылуы тиіс ұсыныстар енгізіп, кемшіліктерді жою бағытында тапсырмалар берді.

Іс-сапар барысында Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева «943-елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасына енгізілген №3 Қарауылкелді орта мектебінің, Т.Жармағамбетов атындағы «Тірек мектебінің» жұмыстарымен танысты, «Ақрайыс», «Asemai» жеке балабақшаларының базасын аралап көрді.