Ел президенті «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты биылғы жолдауында «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»- деген болатын. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.А.Сарсенгалиева Ақтөбе қаласында 2024 жылы ашылған жеке мектептердің жаңа оқу жылындағы жұмысын қарады. Мектептердің материалдық-техникалық жағдайы, пәндік кабинеттердің жабдықталуы, оқулықтармен қамтылуы, білім алушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі бағытындағы жасалып жатқан жұмыстарды қараған департамент басшысы ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық табыс, сәттілік тіледі. Мектеп әкімшілігіне білім алушылар үшін барлық қолайлы жағдайдың жасалуы мен білім сапасына аса көңіл бөлуді тапсырды.