Шағын жинақты ауылдық мектептерінің дамуы

Шағын жинақты ауылдық мектептерінің дамуы

Білім беруді тұрақты дамыту қоры ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап “Цифрлық технологияларды пайдалана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту” жобасын іске асыруда, оның мақсаты цифрлық шешімдерді енгізу арқылы білім беру сапасы мен оқыту тиімділігін арттыру болып табылады.
Жоба аясында Ақтөбе облысының 134 шағын жинақты мектебінде робототехника және биология, химия, физика пәндері бойынша сабақ өткізу үшін материалдық-техникалық база жаңартылуда. Жобаны іске асыру шағын жинақты мектептерде онлайн/офлайн оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді: жоғары жылдамдықты интернетпен, оқушылардың, педагогтардың, шағын жинақты мектептер әкімшілігінің цифрлық оқу материалдарына қолжетімділігін қамтамасыз ету, тірек және шағын жинақты мектептердің өзара іс-қимыл тетіктерін сынақтан өткізу.
Сонымен қатар жобаны іске асыру кезеңінде ШЖМ педагогтары өз дағдыларын жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарынан, шеберлік сыныптарынан, семинарлардан өтеді.
13-14 қараша аралығында Департамент қызметкерлері Хромтау ауданының “Аққұдық орта мектебінде”, “Қопа орта мектебінде” және Ирғыз ауданының “Т. Жүргенов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде” 6, 8 және 10 сынып оқушыларының білім жетістіктерін бағалау бойынша мониторинг жүргізуге байқаушылар ретінде қатысты.
Шағын жинақты мектептерге барған қызметкерлер бұл жоба шағын жинақты мектеп оқушыларына негізгі пәндер бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік беретініне сенімді.