Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейін мемлекеттік аттестаттау қорытындысы

Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейін мемлекеттік аттестаттау қорытындысы
Ақтөбе облысының білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің аттестаттау комиссиясы 2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейі" КММ мемлекеттік аттестаттау өткізді.
4,9 сынып оқушылары арасында компьютерлік форматта өткізілген кешенді тестілеудің нәтижелері оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша оқу бағдарламаларын меңгергендігін куәландыратын жоғары білім деңгейін көрсетті.
Аттестаттау қорытындысы бойынша мектеп бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтамайтындығы анықталды, комиссия "А.Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейі" КММ "аттестаттамау" туралы шешім шығарды.