МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің жағдайын бағалау жүйесінің бірі мектепішілік бақылау болып табылады. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен бірқатар мектептерде мектепішілік бақылаудың іске асырылуына  мониторинг жүргізілген болатын. Өкінішке орай мектепішілік бақылау дұрыс деңгейде жүргізілмейтіні байқалуда.

Кейбір мектептерде қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарлар жасақталуы бақыланбайтындығы, аналитикалық ақпарат құрастырылмайтындығы, сабаққа қатысу кестесінің болмауы, немесе сабаққа қатысу кестесінің нақты қарастырылмауы, қолданыстағы кесте айдың кез келген күнінде кез келген сабаққа қатысуға мүмкіндік беретіндігі, кестеден тыс сабаққа бару орын алуы, бақылау парақтарының болмауы, сабаққа қатысу нәтижелері бойынша педагогтермен кері байланыс болмауы,  пәндік әдістемелік бірлестіктердің отырысына әдістемелік кеңестерге ұсынылмауы, әкімшілік тарапынан сабаққа қатысу нормаларының сақталмауы: директорлардың сабаққа қатысуы нормадан 45%, директор орынбасарлары - 30% құрады.