Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жанындағы педагогикалық әдеп және педагогтің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультациялық кеңесші органының отырысы өтті. Отырыста педагогтер тарапынан аттестация барысында тапсыратын ұлттық біліктілік тестілеуде жіберілген заңбұзушылықтар бойынша мәселелер қаралды. 

БАРЛЫҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ НАЗАРЫНА:

Педагогтердің білімін бағалауды өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда  педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы)

Педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта  өз қызметінде академиялық адалдық принциптерін мүлтіксіз сақтайды («Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы)

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның не лауазымды адамның ресми құжаттарға көрінеу жалған мәлiметтердi eнгізуі не аталған құжаттарға олардың шынайы мазмұнын бұрмалайтын түзетулер енгiзуi не көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар беруi, егер бұл іс-әрекеттер өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған болса, - мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады (ҚР Қылмыстық кодексі).