Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» № 293-VІ Заңының 6-бабында педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде төмендегі шектеулер берілген:

➢ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға;
➢ Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
➢ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер жүргізуге;
➢ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті жүктеуге жол берілмейді.
Егер педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде жоғарыдағы шектеулерге жол берілгені анықталса Департамент тарапынан міндетті түрде өз құзыреті шегіндегі заңнамаларға сәйкес тексеру шараларын жүргізіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін көтереді. Лауазымды тұлғаға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі қарастырылғын.
Жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған жағдайда Департаменттің 87472503850 WhatsApp номеріне жазып немесе 8 (7132) 44-44-58 сенім телефоны нөміріне хабарласып жолдауыңыз сұралады. Департаменттің мекен жайы: Ақтөбе қаласы Қобланды көшесі, 10 үй.
2023 жылы педагог мәртебесі туралы Заңының 6-бабы бұзушылығы төмендегідей жағдайда анықталып, лауазымды тұлғаға әкімшілік шарасы қолданылды:
✓ педагогтен Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделмеген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндеттер жүктелген (мектепке тауарлар сатып алғызған);
✓ педагогтер кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартылған (педагогтер сенбілік жұмысына тартылған);