Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева қаңтар – маусым айлары аралығында 8 қабылдау өткізіп, 9 адаммен кездесті. Білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия және лицензияға қосымшаны алу, мектепте балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілікке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы сұрақтар қаралды. Азаматтарды қабылдау барысында сұрақтарына нақты жауаптар берілді, құзырлы органдарды өтініш жазу бойынша түсіндірілді.