
2025 жылдың 3 қыркүйегінде Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сарсенгалиева Гулнара Акмурзиевнаның төрағалығымен қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының қатысуымен онлайн жиын өтті. Онда Департамент басшысы мектептердің 2025-2026 жаңа оқу жылына дайындығына өткізілген мониторинг қорытындысы туралы, жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары және анықталған бұзушылықтар туралы және педагог мәртебесі туралы айтыған хабарламалар бойынша жеке жеке тоқталды. Сонымен қатар мектеп территориясына бөгде адамдарды кіргізбеу, ішкі бақылау жұмыстарын күшейту, қандай да бір оқыс оқиғалар болған жағдайда жұмыс жүргізу алгоритімі туралы тоқталды. Жиын соңында орын алған кемшіліктерді жою, алдағы уақытта болдырмау туралы тапсырмалар берілді.