Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жиналыс өтті

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен жиналыс өтті

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында оқу жылының басталуына дайындық мәселелері талқыланды. Білім басқармасы, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мектептерді дайындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар, оның ішінде жаңа мектептерді ашу, пән кабинеттерін жабдықтау, жылу беру маусымына дайындық, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б. шаралар туралы хабардар етті.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев 28 білім нысанындағы құрылыс жұмыстарының барысы, бекітілген кестеге сәйкестігі, сапасы және мерзімдері туралы баяндады.
Мен өз кезегінде шұғыл араласуды қажет ететін білім беру жүйесінің өзекті мәселелеріне тоқталдым: мектеп инфрақұрылымының жай-күйі, жаңа құрылысты және күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің болуы, кадр тапшылығы, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басшыларының сапалық құрамы, білім сапасы, қауіпсіздік және т.б. мәселелер.
Облыс әкімі Асхат Шахаров барлық құзырлы органдарға, жауапты мекемелерге, құрылыс компанияларға жиында көтерілген проблемаларды жедел шешу бағытында тапсырмалар берді.
«Білім беру — бұл басты басымдық, босаңсуға болмайды», — деді өңір басшысы.