
Азаматтарды қабылдау барысында Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданының 4 тұрғыны (ата-аналар мен мұғалімдер) жеке мәселелерімен жүгінді. Балалардың білім алу құқықтарына, педагогикалық әдеп, мұғалімдерді жұмысқа қабылдау конкурстарына және тест нәтижелерін нақтылауға қатысты сұрақтар болды. Мәселелер түсіндіріліп, кейбір сұрақтар бойынша тексеру жүргізуге жазбаша сұрау салу ұсыныстар берілді. Ақтөбе қалалық білім бөліміне алдағы уақытта заң бұзушылықтардың алдын алу үшін аталған жағдайларды бақылауға алу тапсырылды.