Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің
3-тарауы 10-тармағына сәйкес «мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен ұштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс» делінген.
Осыған орай, 28 қараша күні алдағы уақытта мереке және демалыс күндерінің келе жатқанын ескере келе, әр мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау қажеттігі жөнінде Департамент мамандары арасында түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді.