Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде шілде, тамыз айларында өткізілген іс-шаралар:

Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде шілде, тамыз айларында өткізілген іс-шаралар:

- Мемлекеттік аттестаттау 18 білім беру ұйымдарында өткізілді. Қорытындысында Шеңгелши НМ (Мұғалжар ауд.), №54 НМ (Ақтөбе қ.) «Аттестатталды», ал қызметтері жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес болмай, 16 білім беру ұйымы «Аттестатталмады».

Мемлекеттік қайталама аттесттаттау 6 білім беру ұйымында өткізілді. Қайта мемлекеттік аттесттаттау барысында білім беру ұйымдарының кемшіліктері жойылғандығы анықталып, «Аттестатталғандығы» туралы қорытынды берілді.

- 2 білім беру мекемесінде және білім беру басқармасында жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, бір білім беру мекемесіне білім беру қағидасы талаптарының бұзушылығы анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 409 бап, 4 бөлімі, 1) тармақшасымен 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

- «Е-өтініш» платформасына келіп түскен 23 арыз-шағым қаралды.

- Білім беру қызметімен айналысуға рұқсат алу үшін «Е-лицензиялау» жүйесі бойынша келіп түскен 18 өтініш қаралды. 1 өтініштің лицензиясы қайта рәсімделіп, 9 өтініш лицензия қосымшасын алуға білім беру қызметіне қойылатын талаптары және ол жолданған материалдары мен құжаттарында сәйкессіздіктер анықталуы себебінен, бас тарту орын алды. 8 білім беру мекемесіне лицензия немесе лицензияға қосымшасы берілді.

- Білім туралы құжаттарын апостильдеу бойынша келіп түскен өтініштердің 199-ы қанағаттандырылды.

- Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева жаңарту (реновация) бағыты бойынша жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Мердігер компания өкілдерімен кездесіп,  жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін аяқтау үшін жұмысшылар санын көбейтуге және жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтауға , қалалық білім бөліміне бақылауға алуына тапсырмалар берілді. https://www.facebook.com/share/v/198ED53cKi/

- Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мамандары  Қазақстан Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» Заңының нормаларын қолдану тәжірбиесі бойынша педагог қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында педагогтер арасында анонимді және ерікті түрде онлайн-сауалнама жүргізді.

Сауалнама нәтижелері педагогтерді қолдау жөніндегі тиісті шараларды жетілдіруге бағытталды. https://www.facebook.com/share/p/17ctbkUai1/,

https://www.facebook.com/share/p/19UrCfj35M/

- Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиынға Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева қатысып шұғыл араласуды қажет ететін білім беру жүйесінің өзекті мәселелеріне тоқталды  https://www.facebook.com/share/p/1CAwWdwmih/,

https://www.facebook.com/share/p/1P1ByAq9NS/

- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Шынар Акпарова Ақтөбе облысына іссапармен келіп, бірқатар білім беру ұйымы нысандарын аралады. Оның ішінде «Келешек мектептері» аясында Ақтөбе қаласының «Оңтүстік-Батыс-2», «Бауырластар» тұрғын үй алабындағы құрылыс жұмысымен танысты. Сонымен қатар, жаңарту (реновация) және күрделі жөндеу жұмыстары мәселесі бойынша Ақтөбе қаласының №15 орта мектебіне, күрделі жөндеуді қажет ететін  Ақтөбе орта мектебі, Қарғалы ауданының Петропавл орта мектебіне барды. https://www.facebook.com/share/p/1BEJs8Qbsj/,

https://www.facebook.com/share/p/1BHUYVeSFa/

- 2025 жылдың 28-31 шілдесі аралығында Департамент тарапынан облыстың 7 ауданындағы білім беру ұйымдарының жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында білім беру ұйымдары ғимаратының жайы, материалдық-техникалық базасы, қауіпсіздік шараларының ұйымдастырылуы (бейнебақылау камерасы, жылы дәретхана, дабыл түймесінің болуы, мамандандырылған күзет, турникеттің болуы), педагог кадрлардың сапалық құрамы, оқулықпен қамту, отынмен қамтамасыз етілуі, ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға жағдайдың жасалуы, санитарилық тораптар, медициналық қызметтің ұйымдастырылуы, асхана жұмысы, интернет желісімен қамтылуы қаралды. Тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді

 https://www.facebook.com/share/p/1C77PAPkBt/, https://www.facebook.com/share/p/1HbZnQ5Rev/, https://www.facebook.com/share/v/1FAHvfmYnx/

- Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Г.Сарсенгалиева Ақтөбе облыстық және Қобда аудандық дәстүрлі тамыз конференциясына қатысты.

Конференция барысында Департамент басшысы Г.Сарсенгалиева білім беру ұйымдарында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға сарапшы ретінде белсене атсалысып, біліктілігі мен сауаттылығын көртескен педагогтерді алғыс хатпен марапаттады. https://www.facebook.com/share/p/1FzLEVoHve/, https://www.facebook.com/share/p/19S6QW8JXf/

- Облыс мектептерінде «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбындағы  педагогикалық кеңестер өткізілді. Күн тәртібіне жаңа оқу жылында білім беру ұйымының жұмысының басымдықтары мен негізгі бағыттары, жылдық жұмыс жоспарын бекіту және мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі қойылды.

Барлық мектептерге бару арқылы педагогикалық кеңес қызметіне Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің, білім басқарамасының, облыстық әдістемелік орталықтың, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, «Өрлеу» БАҰО-ның өкілдері қатысты. https://www.facebook.com/share/p/1E15jNoAFq/