ПЕДАГОГТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

ПЕДАГОГТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

       Бүгін  Астана қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ,  КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында педагогтердің республикалық тамыз кеңесі өтті. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Тамыз мәслихатының ашылуымен құттықтаған Мемлекет басшысы «Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады» деп еліміздің ұстаздар қауымына шынайы ризашылығын білдірді. Кеңесте  педогог мәртебесін көтеру, жасанды интеллектті енгізу, кәсіптік- техникалық білімді дамыту, сапалы білім беру бағытындағы жұмыстарды талқыланды. Конференцияның ең айшықты сәттерінің бірі – еліміздің үздік педагогтеріне мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімі болды. Мемлекет басшысы Ақтөбе облысы дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сәбитов Аян Баянбекұлын «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.