Үздік журналистер алғыс хатпен марапатталды

Үздік журналистер алғыс хатпен марапатталды

       Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін жауапты сала. Қоғамдағы болып жатқан сан түрлі оқиғалар мен адамдардың тағдыры, тарихи сәттер мен жаңалықтардың жаршысы бола білген журналистиканы билік пен халық арасындағы алтын көпір деп айтуы да содан. Әрдайым шынайылық пен ақиқатқа бағытталған матераилдар жазып, соның ішінде білім жүйесін датымуға бағытталған бастамаларды жан-жақты ақпараттандырудағы азаматтық белсенділігі мен ерен еңбектері үшін журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында өңірдегі үздік журналистерді Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бисембаевтың атынан алғыс хаттар табысталды. Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Н.Барбосынов өңірдің үздік журналистеріне мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.