«Үздік мектеп-2025»

«Үздік мектеп-2025»

       Оқу жылының аяқталуына орай, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан берілген «Үздік 100 мектептің» қатарына Ақтөбе облысы бойынша 5 мектеп кірді. Олар Ақтөбе қаласындағы «Әл Фараби атындағы №21 мектеп-гимназия», «М.Құрмағалиева атындағы №32 гимназия», «Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 орта мектебі», Шалқар ауданындағы «№1 метеп-гимназия» және «№8 мектеп-гимназия». Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен, Оқу-ағарту министрлігінің ауқымды шаралары іске асырылуда. Заманауи және жайлы мектептер салынып, педагогтардың кәсіби өсуі үшін жағдайлар жасалуда. Халықаралық тағылымдамалар, оқыту бағдарламалары мен халықаралық ұйымдармен әріптестік бастамалар ұйымдастырылып, көптеген игі істер жүргізіліп жатыр.  Оқу жылының аяқталуына арналған  іс-шара кезінде Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы мен  қызметкерлері қала, аудандардағы «Үздік мектеп-2025» марапатына ие болған білім беру ұйымдарын ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан арнайы барып құттықтады. 2024-2025 оқу жылының нәтижелі аяқталуына тоқталған департамент қызметкерлері министрдің атынан «Үздік мектеп-2025» марапатын табыстады.