Абай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Күн тәртібінде
1) «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығына енгізілетін өзгерістер қаралды
2) «Заманауи педагог» жобасы таныстырылды
Жобаның мақсаты - жоғары кәсіби қасиеттерге, педагогикалық мәдениетке ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың тасымалдаушысы болып табылатын жан-жақты дамыған және әлеуметтік жауапты педагогтың бейнесін қалыптастыру