Абай облысында білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері алқа мәжілісінде талқыланды

Абай облысында білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері алқа мәжілісінде талқыланды

        Департамент басшысы Б.Масалимова Абай облысының білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісінде өңірдегі білім сапасын қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелер, анықталған тәуекелдер және алдағы міндеттер туралы баяндама жасады.
         Негізгі міндет ретінде білім бөлімдері тарапынан ішкі бақылауды күшейтуді, білім беру ұйымдары басшыларының жауапкершілігін арттыруды, анықталған бұзушылықтарды толық жоюды және мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген ұйымдармен жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
    Сондай-ақ алдағы кезеңде балалар сауықтыру лагерьлері мен мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға байланысты жаңа талаптарды сапалы іске асыру, ұйымдардың дайындық деңгейін бағалау және заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
        Алқа мәжілісі қорытындысында білім сапасын арттырудың негізгі шарты ретінде тиімді басқару, заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтау және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының жауапкершілігін күшейту міндеттері белгіленді.